Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы Нгуен Фу Чонг қайтыс болды
АСТАНА. KAZINFORM – Вьетнам Коммунистік партиясының жетекшісі Нгуен Фу Тронг 81 жасында көз жұмды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігі партия жетекшілері мен Вьетнам мемлекетінің денсаулығына қамқорлық жасауға жауапты Орталық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, Бас хатшы Ханойдың №108 әскери госпиталінде қайтыс болған.
Бір күн бұрын Вьетнам жаңалықтар агенттігі (VIA) Бас хатшыға емделу қажет екенін жазған болатын. Онда Вьетнам Коммунистік партиясының Орталық комитеті ел президенті То Ламға Нгуен Фу Чонгтың қызметін уақытша қоса атқаруды тапсырғаны хабарланған. Сондай-ақ мамандандырылған медициналық мекемелерге профессорлар, дәрігерлер, медицина қызметкерлері, жетекші мамандар контингентін жұмылдыру және Бас хатшыны емдеу үшін барынша қолайлы жағдай жасау, оған қажетті медициналық көмек көрсету мәселелеріне баса назар аудару тапсырылды.
Сол күні Нгуен Фу Чонгқа Вьетнам Социалистік Республикасының жоғары мемлекеттік наградасы – Вьетнам партиясы мен халқының революциялық ісіндегі көрнекті қызметтері үшін берілетін «Алтын Жұлдыз» ордені тапсырылды. Марапаттау рәсімі 108-ші ауруханада өтті. Оған КПВ Орталық Комитетінің Саяси бюросы мен хатшылығының барлық мүшесі, бірқатар қызметкер – бас хатшының көмекшілері, сондай-ақ Нгуен Фу Чонгтың отбасы мүшелері қатысты.
Айта кетейік, Нгуен Фу Чонг 1944 жылы 14 сәуірде Ханой қаласының маңындағы Дон Ань қаласында дүниеге келген. Ханой мемлекеттік университетінің филология факультетін бітіріп, филология бойынша кандидаттық диссертациясын қорғаған. 1981-1983 жылдар аралығында саясаттану ғылымдарының докторы дәрежесін иеленіп, профессор атанды. Ол Мәскеудегі КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясында орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім алған.
Нгуен Фу Тронг 2011 жылы алғаш рет Орталық Комитеттің Бас хатшысы болып сайланғанға дейін 5 жыл бойы Вьетнам Ұлттық Ассамблеясын (парламент) басқарды, ал оған дейін ол елдің партиялық басшылығында түрлі қызметтерді, соның ішінде Ханой партиясының хатшысы болды. Ол КПВ басшысы болып үш рет (2011, 2016 және 2021 жылдары) сайланған.
2018 жылдың қазанынан 2021 жылдың қаңтарына дейін Нгуен Фу Чонг президент Тран Дай Куанг қайтыс болғаннан кейін ел президенті қызметін атқарған.