Вьетнам, Марокко: Қазақстан астық нарығын кеңейтіп жатыр
АСТАНА. KAZINFORM — Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Сенаттың жалпы отырысында астық экспортының жаңа нарықтары туралы мәлімет берді.
— Экспортты қолдау — маңызды бағыт. Мысалы, бидай экспортына мемлекеттен қолдау көрсетіп отырмыз. Әрине, бұл жайында еш жерде жария түрде айтпаймыз. Бірақ сіздердің алдарыңызда айтуға болады деп ойлаймын. Біз Вьетнамға да жеткізе бастадық Кеше Мароккоға алғашқы партиясы кетті. Қазір Әзербайжанда бірінші орында тұрмыз. Арпа экспорты бойынша Иранда көшбасшымыз. Бұрын болмаған нарықтарға қайтып оралдық, — деді ол.
Айтуынша, Қазақстан 11 айға жетпейтін уақыттың ішінде шашамен 11 млн тонна ауылшаруашылық өнімін экспортқа шығарған.
Айта кету керек, Вьетнамға экспортталатын жоғары сапалы бидай Қытайдың Ляньюньган порты арқылы өтіп жатыр.