Бойжеткеннің туысы іздеу жұмыстарына атсалысқан мемлекеттік органдар мен барша жандарға алғыс білдірді. Бірақ Әсемнің денсаулығы мен жағдайы туралы толық мәліметті әзірге жарияламады.
– Ең басты мақсат – оның қасына тезірек жету. Бағасына қарамай, ең қысқа жолмен ұшып баратын билет іздеп жатырмын. Қазір Әсемнің қасында консул бар, - дейді әпкесі Рузана.
Еске сала кетейік, Әсем Әубәкір бұған дейін 6 наурыз күні Хошимин қаласында байланысқа шыққан. Содан бері туыстары оны таба алмай, дабыл қаққан еді.