Бұл рейстер аптасына екі рет «Airbus A330» әуе кемесімен орындалады, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.
Аталған рейстер Қазақстандағы «ашық аспан» режимі аясында жүзеге асады. Бұл режим халықаралық әуе қатынасын дамытуға және шетелдік әуе тасымалдаушыларды тартуға көбірек мүмкіндік береді.
Рейстердің қосылуы туристік, іскерлік және гуманитарлық байланыстардың дамуына, сондай-ақ Қазақстанның Вьетнам және Чехиямен ынтымақтастығын нығайтуға ықпал етеді.
-Сонымен қатар, бұл бағыт Қазақстанның Азия мен Еуропа арасындағы маңызды транзиттік ел ретіндегі рөлін күшейтіп, халықаралық әуе маршруттары желісінің одан әрі дамуына ықпал етеді,-делінген хабарламада.
Осыған дейін Наурыз мерекесінде әуе компаниялары 160 қосымша рейс орындайтыны туралы жаздық.