Вьетнамның солтүстігіндегі топырақ көшкінінен бес адам көз жұмды
23:47, 17 Мамыр 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Вьетнамның таулы Лайтяу провинциясында су электр станциясының құрылыс алаңында көшкін жүріп, кем дегенде 5 жұмысшы қаза тапты, деп жазады Синьхуа.
Оқиға түнгі сағат 22:30 шамасында (GMT 03:30) Фонгто ауданындағы «Та Пао Хо 1А» су электр станциясында бөгет іргетасын қазу жұмыстары кезінде болған.
Салдарынан жол жағалауының бір бөлігі опырылып түскен. Сырғыған топырақ пен тастардың астында бірнеше жұмысшы көміліп қалды.
Жергілікті билік оқиғаның себептерін анықтауға кірісті.
Бұған дейін Боливия су тасқыны мен көшкінге байланысты төтенше жағдай жариялағанын жаздық.