Везувий жанартауы атқылаған кезде қаза тапқан адамның сүйегі табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Археологиялық қазба жұмыстары кезінде екі мың жыл бұрын, яғни б. э.дейінгі 79 жылы атқылаған Везувий жанартауы лавасының астында қалған ежелгі римдік өлі қала - Помпеи тұрғынының сүйегі табылды.

Бұл туралы belta.by ANSA агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Ғалымдардың болжамынша, ер адамның жасы 35-тер шамасында. Жанартау атқылаған кезде ол көшеде болған. Бұдан бұрын да қазба кезінде топырақ астынан Везувийдің көмірге айналған тағы бір құрбаны табылған еді.

 Везувий атқылаған кезде Помпеиде 12 мыңнан 20 мыңға дейін адам тұрған. Ал лава мен күл басқан қала 1592 жылы табылған еді. Помпеиді қазу жұмыстары XVIII - ХIХ ғасырлар  арасында жалғасты және қазіргі уақытта да жүргізіліп жатыр.