VI Астана экономикалық форумының аясында бірқатар корытынды құжаттарға қол қойылды

АСТАНА. 22 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында VI Астана экономикалық форумының аясында бірқатар корытынды құжаттарға қол қою рәсімі өтті.

Атап айтқанда, форум шеңберінде Индуктивті сенсорлы технологиялар өндірісінің бірлестік қауымдастығының келісіміне, БҰҰ-ның Бүкіләлемдік Туристік Ұйымы мен ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұдан бөлек, БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты елдеріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы мен ЕурАзЭҚ интеграциялық комитетінің хатшылығы арасындағы өзара ынтымақтастық жөніндегі үшжақты меморандумға қол қойылды.