Қала әкімшілігінің мәліметінше, автобустар қала бойынша барлық ауданды қамту үшін белгіленген 21 орыннан жүре бастайды.
Айта кету керек, автобустардың жұмысы нақты уақыт режимінде, соның ішінде бейнетаспалар арқылы бақыланатын болады. Бұл жол қозғалысы жағдайын бақылауға, қажет болған жағдайда жол қозғалысын реттеуге және кез келген мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік береді.
Еске салайық, 31 тамызда Бішкектегі жаңа стадионда VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ауқымды ашылу салтанаты өтеді.
Ал Ойындардың негізгі спорттық, мәдени және ғылыми бағдарламасы 2-6 қыркүйек аралығында Ыстықкөл облысының Чолпон-Ата қаласы мен Қырчын шатқалында жалғасады.
Бұған дейін Қырғызстан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған бейнероликті таныстырған болатын.
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 3 мыңға жуық спортшы қатысады.
Сондай-ақ 2026 жылғы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының талисманы ретінде ілбіс таңдалғаны хабарланған еді. Оған Батай деген есім берілді.
Қырғызстандағы Көшпенділер ойындарына көрермендерді 300 автобус тегін жеткізетіні айтылды.