Орамның қалдықтары осыдан 45 жыл бұрын табылған. Алайда, осыған дейін бір де бір маман оны оқи алмай келген. Зерттеушілер көне орамдағы мәтін микротомография тәсілімен оқылғанын айтады. Орамда Левиттің айтуындағы Інжіл сөздері болып шықты. Ғалымдар орам 6-шы ғасырға тиесілі деген болжам айтты. Демек, бұл қасиетті Інжіл мәтіндерінің ең көне сақталған орамы болып шықты.
08:14, 21 Шілде 2015
VI ғасырдан бері сақталған Қасиетті Інжілдің ең көне жазбасы анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Израиль ғалымдары осыдан 1500 жыл бұрын Эйн Геди синагогасында өртелген тарихи орамдағы мәтіндерді аша білді, деп жазады «ВВС» агенттігі.