«Бұл зауыт әлемдегі ең озық кәсіпорын болмақ. Мен оны ашық айта аламын. Себебі онда техника мен технологияның соңғы жетістіктері қолданылады. Жобаның жалпы құны - 700 млн. доллар. Оны біз ағымдағы жылдың соңына қарай іске қосамыз. Бүгінде мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау жасалып келеді. Атап айтқанда, біз зауытты энергиямен қамтамасыз ету мәселесін шешіп бердік. Негізі, бұл жылдың үздік жобасы болмақ», - деп атап көрсетті А.Рау.
17:33, 04 Маусым 2013
Вице-министр А.Рау жылдың ірі жобасын атады
АСТАНА. 4 маусым. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы Ақтөбе облысында феррохром өндіретін жаңа зауыт ашылады. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау мәлім етті.