«Бұл қанатқақты жоба Нұр-Сұлтан қаласында жүзеге асырылуда.Бұл сертификат азаматтардың телефондарындағы жеке мәліметтерді сақтауға мүмкіндік береді. Өздеріңізбілесіздер, интернеттің дамуымен қатар, киберлік құқық бұзушылықтар да жаңа деңгейге шығып отыр. Осы орайда, жеке компьютерден, телефоннанжеке деректерді ұрлау жағдайлары орын алады», - деді вице-министр Үкімет үйіндеөткен баспасөз мәслихатында.
Оның сөзіне қарағанда, заңнама аясында сертификат бойыншанорма 2015 жылы қабылданды. Онда интернетке шығу мүмкіндігін беретінпровайдерлер құрылғы иелеріне қауіпсіздіктің техникалық сертификатын орнатужағдайын ұсынуы тиіс.
«Бүгінде олар бұл норманы іске асырып жатыр. Қанатқақты жобааясында олар бұл жұмыстар елордада қалай жүргізіліп жатқанын зерделеуде. Оны әрадам өз еркі бойынша орнатады. Мәселен, маған бұл сертификат бойынша SMSкелмеді. Ал келген бойда оны өзіме және балаларымның құрылғыларына орнатамын.Қауіпсіздік сертификаты арқылы балалар қауіпті ресурстарға өте алмайды,сәйкесінше, жеке мәліметтерді қорғауға мүмкіндік жасалады», - деп түсіндірді А.Оспанов.
Бұдан бұрын хабарланғандай, операторлар аталмыш сілтемеелдегі барлық абоненттерге таратылып жатқанын айтады.
Яғни, әзірге ондай SMS алмаған адамдардың алаңдауына себепжоқ. Сілтеме келген сәтті күтіп, орнатуға дайын болуы керек. Мамандардыңайтуынша, абоненттің хакерлік шабуылға ұшырауы үшін күмәнді сілтемеге өтуіміндетті емес. Яғни қауіпсіздік жүйесінің сертификаты болмаған жағдайдаинтернет арқылы пайдаланатын көптеген қызметтерге кіретін құпия сөздер менкодтарды ұрлау оңай. Қауіпсіздік жүйесінің сертификатын орнату осы үшін қажет.