Бұл туралы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ақпарат басқармасы хабарлады.
Кеңесте сонымен қатар Индустрияландыру картасының проблемалық жобалары талқыланды. Өткен жылы мұндай жобалар 35-ті құраған болатын, тиісті шаралар қабылданғаннан кейін олардың қатары 13-ке дейін қысқарды. Жеткіліксіз жұмыстары үшін 19 адам жазаға тартылды, олардың 3-уі (Ақмола облысы өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасының бастығы, "КРІ" АҚ басқарма төрағасы және «CaspiBitum» БК" ЖШС бас директоры) жұмыстарынан босатылды.
Әсет Исекешев өңірлердің инвестициялық мүмкіндіктерін ашу және бизнес пен инвесторлар үшін жағдай жасау жөніндегі әкімдіктердің сылбыр жұмысын атап өтті. Әкімдіктердің Индустрияландыру карталарына ұсынатын жобаларының сапасы төмен екендігі байқалады. Мәселен, Картаны соңғы жандандырудан кейін ИЖТМ инновациялығы төмен және ҮИИД бағдарламалары мақсаттарына сәйкес болмауы себебінен ұсынылған 200 жобаның жартысын алып тастады. Вице-премьер Атырау, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Маңғыстау облыстары әкімдіктеріне жаңа жоғары технологиялы жобаларды іздеу жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды.
Қарағандыдағы ұшақтар өндірісі жөніндегі проблемалық жобаға және ОҚО-да мақта-мата фабрикаларын шикізатпен қамтамасыз ету мәселелеріне баса назар аударылды. Сондай-ақ Маңғыстау облысында планшеттік компьютерлер шығару да проблемалық жобалар қатарына жатады, бұл мәселе бойынша қазір тергеу амалдары жүргізілуде.
Кеңес соңында вице-премьер Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары әкімдеріне бұл жобаларға жауапты шенеуніктерге қызметтерінен босатуға дейін жаза қолдануға тапсырма берді.
Еске сала кетейік, Индуустрияландыроу картасына 11,5 трлн .теңгеден астам соманың 872 жобасы енгізілген. Картадағы барлық жобалардың басым бөлігі жеке қаражаттар есебінен (73,5% - жеке бизнестің өз қаржысы, қазақстандық және халықаралық даму институттары мен банктердің займдық қаражаттары) жүзеге асырылатын болады.
Облыстар әкімдіктері 829 жобаны жүзеге асыруға жауапты.
3,5 жыл ішінде 2,1 трлн. теңгенің 563 жобасы пайдалануға берілді. 61 700 тұрақты жұмыс орындары ашылды.
22:48, 02 Қараша 2013
Вице-премьер Ә. Исекешев проблемалық жобаларға жауапты өңір шенеуніктерін жазалауды талап етті
АСТАНА. 2 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан сын-ескертпелері бойынша кезекті кеңес өткізді.