Вице-премьер Б.Сапарбаев ҮЕҰ-мен ықпалдастық мәселесі бойынша бірқатар нұсқаулар берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен ҚР Үкіметі жанындағы Үйлестірушілер кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлады.

Отырыс барысында Мемлекет басшысының «Нұрлы жол - болашаққа жол» атты Жолдауы жүзеге асқалы тұрған тұстағы мемлекеттік емес сектордың ахуалы мен даму перспективасы талқыланды.

Атап өту керек, ҮЕҰ-мен әріптестік Үкімет жұмысының басым бағыттарының бірі.

Жыл сайын әлеуметтік жобаларды қолдау көлемі артуда, ағымдағы жылдың өзінде 1900 жобаны жүзеге асыру үшін 7 млрд. теңге қарастырылған.

Б. Сапарбаев отырысты қорытындылай келе ҮЕҰ-мен бірлесіп жұмыс жасау және әлеуметтік саладағы азаматтық бастамаларды қолдауға байланысты бірқатар тапсырмалар берді.

Үйлестірушілер кеңесінің жұмысына орталық меморгандардың басшылары, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қазақстанның Азаматтық Альянсы, ҮЕҰ өкілдері қатысты.