деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Экономикалық ықпалдастықтың келесі сатысы - Бірыңғай экономикалық қоғамдастық құру болып табылады. Ол - Кедендік одақтан да күрделі. Біз Бірыңғай экономикалық қоғамдастықты құру барысында 20 келісімді қабылдайтын боламыз. Кедендік одақ елдерінің сыртқы елдерге қолданатын кедендік баждары, тарифтік емес шаралары бірдей болады. Ол - баға, табиғи монополиялардың тарифтерін реттеу принциптері. Сондай-ақ 12 қызмет көрсету салаларындағы компанияларда бәсекелестікті реттеу принциптерін бір жағдайға келтіретін боламыз. Үш елдің арасында тауарлармыз бен қызмет көрсететін компанияларымыз емін-еркін жүруі үшін бірдей бәсекелестік жағдай жасау керек», дейді Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова. Бұл өте күрделі келісімдер екенін айтқан министр, оларды дайындау барысында барлық бизнес қауымдастықтармен консультациялар өткізіп, ақпаратты бөлісу жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ Премьер-Министрдің 1-ші орынбасары Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен ең кемінде айына бір рет Экономикалық даму және сауда министрлігінде зиялы қауым мен бизнас қауымдастықтардың өкілдерімен консультациялар өтеді.