АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан президентін кезектен тыс сайлау науқанына 20,5 млрд теңге бөлу мақұлданды. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін Премьер-Министрдің орынбасары–Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгінгі Үкімет отырысынан кейін тілшілер министрден Орталық сайлау комиссиясының алдағы сайлау науқанын өткізуге қажет 20,5 млрд теңге өтінімі жайлы сұрады.
Өз кезегінде Қаржы министрі бұл сұраққа қысқа жауап берді.
«Иә, мақұлдады», - деді Ерұлан Жамаубаев.
Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл 8 қыркүйекте Қаржы министрінің орынбасары Татьяна Савельева Қазақстан президентін кезектен сайлау науқанына шамамен 20 млрд теңге қажет екенін айтқан еді.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.