Вице-спикер С.Дьяченко басқарған Мәжіліс депутаттарының тобы СҚО-да Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіруде

None
АСТАНА.  9 сәуір. ҚазАқпарат - ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттар тобы жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысында жүр.

Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарлайды.

Облыс әкімдігінде өткен кездесудің тақырыбы - Елбасының ағымдағы жылдың 27 қаңтарындағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауы мен көппартиялы Парламенттің заң шығарушы жұмысының негізгі қағидаларын түсіндіру.

Кездесуге Мәжіліс төрағасының орынбасары Сергей Дьяченко, депутаттар Анатолий Маковский, Абай Тасболатов пен Борис Сорокин қатысты.

Кездесу барысында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләловтің атап өтуінше, аймақта жалпы саны 700 адамды құрайтын 15 ақпараттық-насихаттық топ жұмыс істейді - бір облыстық, бір қалалық және 13 аудандық топтар. Бекітілген аудандарға шығу ай сайын Бірыңғай ақпараттық күндер аясында жүзеге асырылады.