Авторлардың хабарлауынша, олар сол күні киттерді бақылап, оларға жақын жерде жүзіп жүрген. Бір кезде алып киттің бірі қайықтың астына қарай жүзіп келіп, адамдарды арқасына мінгізген күйі біраз жерге барған. Кейін ақырын ғана қайықты су бетіне қондырып, өздері жөнімен кеткен. Осы сәтті екі ескекшінің бірі видеоға түсіріп отырған.