Видео үшін акуланы жағаға шығарған туристер 6,2 мың доллар айыппұл төлейтін болды
21:43, 08 Ақпан 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилияда видео түсіру үшін жас акуланы судан шығарған туристер бес мың фунт стерлинг көлемінде айыппұл төлейтін болады (6,2 мың доллар). Бұл туралы сәрсенбі, 8 ақпан күні The Daily Mirror жазды.
Басылымның ақпаратына сүйенсек, саяхатшылар тобы жануарларды аулауға, өлтіруге, мазасын алуға немесе тамақтандыруға тыйым салынған белгіге қарамастан, балықты Фернанду-ди-Норонья архипелагының жағасына мұхиттан шығарып алған. Акуланы ұстап тұрған белгісіз әйел кісі бейнеленген таспа желіде 7 ақпан күні жарияланған.
Осы оқиғаға байланысты енді туристердің әрқайсысы жануарларға қатыгездік танытқаны үшін 2,5 мың фунт стерлинг айыппұл төлейтін болды.