Видеограф қысқы Бурабайдың әсем табиғатын көрсетті

Танымал видеограф Серікбай Жәнібеков қысқы Бурабайдың әсем табиғатын көрсетті, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: Kazinform

Цифрлық контентте ақ қар жамылған Абылай хан алаңы, Оқжетпес, Жұмбақтас сынды Бурабайдың көрікті орындарын тамашалауға болады.

Айта кетейік, Бурабай курортында туристер үшін қысқы маусым ашылды. Бурабайдың әйгілі ормандарына, мөлдір көлдеріне жыл сайын жүздеген мың турист келеді. Бұл аймақ қыс мезгілінде де таңғажайып сұлулығымен таңғалдырады.

Фото: instagram.com/serikbay_janybekov

Бұдан бөлек, курорттық аймақтағы «Қазақстан Лапландиясы» жаңартылып, есігін айқара ашып, қонақтарын кезекті мәрте қарсы алуды бастады. Келген адамдарды Санта Клаустың эльф-көмекшілері есік алдынан күтіп алып, резиденцияға саяхат жасауға шақырады.
Ал BurabayLand отбасылық ойын-сауық саябағында жұртшылық ертегі әлеміне түскендей күй кешеді. Көптеген турист үшін бұл саябаққа жыл сайын келіп тұру дәстүрге айналған.

Фото: Видеодан кадр

Жыл соңына дейін туристер саны 1,2 миллионнан асады деген болжам бар. Оның ішінде өз азаматтарымыздың үлесі 940,8 мың адам.