VII Дельфий ойындары әлемдік қауымдастықтың мәдени өміріндегі маңызды оқиға болды - Дельфий комитетінің басшысы

АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - Халықаралық Делфий комитетінің директоры Владимир Понявин «Жастардың VII Дельфий ойындарының ашылуы ағымдағы жылғы әлемдік қауымдастықтың  мәдени өміріндегі бірқатар маңызды іс-шараларының қатарынан ойып тұрып орын алды» деп санайды.

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Министрлік баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, Халықаралық Дельфий комитетінің директоры Владимир Понявин ТМД қатысушы-мемлекеттері бойынша VII Дельфий ойындарын ашуға әзірлік және өткізу жөніндегі Ұйымдастыру комитетінің төрағасы,  ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан  Жұмағұловқа хат жолдады. «Сізді, «Жастар Қуаты» атты ТМД қатысушы-мемлекеттері жастарының VII Дельфий ойындарын өткізу мен ұйымдастыруға қатысты үлкен жұмыс атқарғандарыңызға зор алғыс білдіргім келеді. Күш-жігерді біріктіре отырып біз ТМД мен басқа да шет елдерден келген өнегелі жастар арасындағы өнердің ең жоғары форумын нағыз мерекеге айналдыра білдік», - делінген хатта.

Жалпы, халықаралық шараға қатысушы меймандардың, әділ қазылар мен қатысушыларының пікірінше, Ойындар жоғары деңгейде, кәсіби және көркемдіктің жоғары дәрежесінде өтті. «Осының өзі Дельфий ойындарының әлемдік қауымдастықтың мәдени-рухани өміріндегі маңызды шаралар қатарынан орын алатынын білдіреді. Бұдан кейінгі күндері де жемісті ынтымақтастықты жалғастырады деп сенеміз», - делінген хатта.