Төрешілер төрағасы оңтүстіккореялық кинрежиссер Ким Ки Дук жеңімпаздарға 20 мың АҚШ долларын табыс етті.
Е.Нұрмұхамбетовтің атап өтуінше, жоба жапон тарапынан қаржыландырылған. Кинофестиваль аясында алғаш рет көрсетілген туынды коммерциялық кино емес.
Сонымен қатар «Үздік режиссерлік жұмыс» аталымында қазақстандық «Шуақты күндер» картинасы танылып, режиссері Нариман Төребаевқа 10 мың АҚШ доллары табыс етілді.
Естеріңізге сала кетейік, 19 қыркүйекте басталған кинофестиваль Егор Михалков-Кончаловскийдің «А»-ға оралу» фильмімен ашылған болатын.