деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Қазіргі таңда "Инвестиция туралы" заңға қажетті өзгерістер енгізу қарастырылып жатыр. Онда - 2010-2019 жылдары қант құрағы шикізатын өнеркәсіптік өңдеу үшін Қазақстан аумағында кедендік алымнан босату бекітілді. Сондай-ақ Астана мен Алматыда 2011 жылы VII Қысқы Азия ойындарын өткізу мақсатында тасымалданатын қажетті тауарларды да импорттық тауарлық алымнан босату қарастырылып отыр", дейді Экономикалық даму және сауда министрлігінің БКҰ келісімі сауда саясатын дамыту орталығы департамент директорының орынбасары Ернар Бакенов. Қазақстанның ішкі сауда саясатын талдау жөніндегі жұмыс тобы жетекшісінің сөзіне қарағанда, заң жобасында Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің орталық банктері әкелетін алтын кесектеріне де кедендік алымнан босату бекітілген.