VII қысқы Азия ойындарының ашылатын уақыты белгілі болды

АЛМАТЫ. 4 қараша. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - 2011 жылдың 30 қаңтары мен 6 ақпаны аралығында Астана мен Алматы қалаларында өтетін VII қысқы Азия ойындарының ашылатын уақыты белгілі болды. Дүбірлі дода 2011 жылдың 30 қаңтары күні Астана уақыты бойынша сағат 18.00-де ашылады.

Бұл туралы VII қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің өкілдері мәлім етті. Бұл мәліметті «Аламан» ұлттық электрондық басылымы жариялап отыр.

Айта кетейік, Азиаданың ашылу салатаны елорадағы "Астана-Арена" стадионында өтеді. Ал жабылуы "Алматыдағы "Медеу" мұз айдынында болады.