Бұл - елде медиа-нарықты дамыту мәселелеріне арналған жыл сайынғы ірі ұлттық салалық конференция, оны Қазақстандық баспасөз клубы ұйымдастырғалы отыр. Биылғы жылы талқылауға медиа-саладағы жаһандық өзгерістер, басқа елдердің ақпараттық саясатының ҚР-ына ықпалы, ақпараттық егемендікті сақтау үшін қолға алынатын шаралар және басқа мәселелер ұсынылады.
«Медиақұрылтай» өткізіліп келе жатқан бес жыл ішінде ол пікірсайыстардың және қабылданған шешімдердің жоғары тиімділігін, тәуелсіз алаң ретінде медиа-қауымдастықта қажеттілігін туғызды, онда медиаиндустрия көшбасшылары мен иелері, бас редакторлар, журналистер, шенеуніктер, сарапшылар, инвесторлар саланы дамытудың кешенді шараларын талқылайды, БАҚ секторындағы озық стратегиялар тәжірибесімен бөліседі, проблемаларды және оларды шешу жолдарын ортаға салады, сондай-ақ кәсіби өсу және медиа ұйымдарын күшейту жөнінде қажетті білімдер алады. Конференцияға шақырылған қонақтардың арасында медиа дамыту саласындағы жетекші ресейлік және шетелдік мамандар бар.