VIII Еуразия медиа форумының спикерлері бұрынғы жылдарға қарағанда азырақ болады

АЛМАТЫ. Наурыздың 18-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін Еуразия медиа форумының спикерлері биыл жылдағыдан азырақ болады. Оны бұл шараның бас продюсері бүгін баспасөз мәслихатында мәлімдеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Биыл 8-ші рет өткелі отырған бұл форумда өткен басқосуларға қарағанда спикерлердің саны аз болады. Шақырылған қонақтардың арасынан қазіргі таңда Гарвард университетінің профессоры Найалл Фергюссон, Ресей дипломатиялық академиясының профессоры Игорь Панарин, белгілі экономист Михаил Хазин, АҚШ Қазынашылық мекемесі басшысы көмекшісінің бұрынғы орынбасары Дэвид Меркель, Ұлыбритания Парламентінің мүшесі Джордж Галлоуэй өз келісімін беріп отыр», дейді «Еуразия медиа форумының бас продюсері Владимир Рерих. Оның айтуынша, биыл бұл шараға Қытай телекомпаниясы журналистерінің үлкен шоғыры қатысады. Олар, сондай-ақ кейбір сессияларда модератор болмақ.