VIII қысқы Азия ойындарында ел намысын кім қорғайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақпанның 19-26-сы күндері Жапонияның Саппоро қаласында өтетін VIII қысқы Азия ойындарында ел намысын қорғайтындардың басым бөлігі екінші құрамдағы спортшылар болады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Саппорода спортшылар 11 спорт түрінен 64 медаль үшін таласады. Қазақстан делегациясының дені екінші құрамдағы спортшылар болады. Дегенмен, олардың арасында бірнеше көшбасшымыз да өнер көрсетеді. Олар - мәнерлеп сырғанаушылар Денис Тен, Элизабет Тұрсынбаева, конькишілер Роман Креч, Денис Кузин, Екатерина Айдова және шаңғышы Николай Чеботько. Аталған спорт додасының ашылу салтанатында Қазақстанның Туын жаңғы жарысынан бес дүркін ел чемпионы Елдос Ахмадиев алып шығады", - дейді Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгінгі брифингте.

Айта кетелік, Жапонияның Саппоро қаласында өтетін VIII қысқы Азия ойындарына қатысатын ел спортшыларының толық тізімі бұдан бұрын хабарланған болатын.

Брифинг кезінде Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі ертеңгі Үкімет отырысында қаралатын мәселелерді дежариялады.   Сондай-ақ ол Алматы қаласында монополияға қарсы Еуразиялық форумның өтетіні жайында да мәлім етті.