«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін», - делінген ант мәтінінде.
Бұған дейін VIII сайланған Мәжіліс депутаттарының толық тізімі жарияланған болатын.
19 наурыз күні өткен Мәжіліс депутаттарын сайлауға елімізде ресми тіркелген 7 партияның барлығы қатысты. Олардың ішінде тек «Байтақ» партиясы ғана шекті 5 пайыздық межеден аса алмады. Ал, «Amanat» партиясы сайлаушылардың – 53,90, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 10,90, «Respublica» партиясы – 8,59, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 8,41, «Қазақстан халық партиясы» – 6,8, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» 5,20 пайыз дауысын жинады. Осылайша, 5 және одан да көп пайыз дауыс жинаған саяси партиялардың арасында «Amanat» партиясына - 40 мандат, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 8 мандат, «Respublica» партиясы – 6 мандат, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 6 мандат, «Қазақстан халық партиясы» – 5 мандат, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясына» 4 мандат бұйырды.