Викингтердің қазынасы табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Финляндияның оңтүстік бөлігінен викингтерге тиесілі болған қазына табылды. Мамандардың айтуынша, Хямеэнкоски аймағының жерінен шыққан 300 ескі тиындарға анау-мынау емес мың жыл уақыт болған.

Жалпы бұл викингтер өмір сүрген дәуірден бері табылған ең ірі қазына екен. Тиындардың жақсы күйде сақталып қалуы да зерттеу жұмыстарының құндылығын арттыра түседі. Ғалымдар қауымы үшін үлкен олжа саналатын осы қазынаны ақтарыстырған кезде ішінен германдық және византиялық тиындар табылды.
Археологтар бұл қазынаны иесі кезінде әдейі жасырғанын айтып отыр. Жалпы бұл құндылықты тапқан ғалымдар тобының жиі жолы болып, небір маңызды жәдігерлерді жер бетіне қазып шығарады екен, деп хабарлайды 24.kz Yle.fi-ге сілтеме жасап.