«Википедия» қара тізімге ілікті

АСТАНА. 28 қараша. ҚазАқпарат - «Википедия» сайтының орыс тілді нұсқасының қызметіне таяуда тосқауыл қойылуы мүмкін. Онда жарияланған «Өлтіретін инъекция» мақаласы тыйым салынған сайттардың тізіміне ілінген.

Сайттардың жұмысын қадағалайтын арнайы органдар оның әкімшілігіне мақаланы реестрге кіргізуге «өзіне-өзі қол жұмсау тәсілдері» және «оны жасауға шақыратын» қауіпті ақпараттың түрткі болғаны туралы ескерту жіберген. Сарапшыларды әсіресе, күре тамырға енгізу арқылы «Техасс коктейлін» пайдалану тәсілі жайлы мақала алаңдатып отыр, деп хабарлады utro.ru.