Википедиядағы қазақша мақала саны 100 000-нан асты

АЛМАТЫ. 1 қараша. ҚазАқпарат. 2-қараша күні Алматы қаласындағы қазақстандық Баспасөз клубында «Қазақша Википедия» жобасына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

Баспасөз мәслихатына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов, «WikiBilim» қоғамдық қорының жетекшісі Рауан Кенжеханұлы, «Қазконтент» АҚ-мы басқарма төрағасының орынбасары Владимир Тутыкин, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ректоры Дамир Шыныбеков, «Қазақ энциклопедиясы» редакциясы мен жобаға демеуші компаниялардың өкілдері қатысады.