Виктор Друзин әртістік жүзуден әлем кубогының кезеңінде жеңіске жетті

Фото: ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық спортшы Виктор Друзин әртістік жүзуден Францияның Париж қаласында өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алды. 

Отандасымыз еркін бағдарламада ең жоғары нәтиже көрсетіп, 127,2000 ұпай жинады.

Екінші орынға грек спортшысы Мариос Критсас (126,6701 ұпай) орналасса, қола жүлдені 123,9413 ұпаймен Стылянос Фускис (Грекия) жеңіп алды. 

Айта кетейік, бұған дейін Эдуард Ким техникалық бағдарламада күміс жүлдегер атанған еді.

Еске салсақ, осыдан бұрын Анастасия Городконың әлем кубогында қола жүлдеге ие болғанын жазған едік.