АСТАНА. KAZINFORM - 19–21 маусым күндері Канаданың Торонто қаласында көркем жүзуден әлем Кубогының суперфиналы өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бұл бәсекеде отандастарымыз Наргиза Болатова мен Виктор Друзин жұбы еркін бағдарламада қолаға қол жеткізді.
Айта кетейік, аталған додаға 22 елден 156 атлет қатысып жатыр.
Осыған дейін Виктор Друзиннің Канададағы суперфиналда екінші жүлдесіне қол жеткізгені туралы жаздық.
Айдар Оспаналиев
2000 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. Журналистика саласында 2000-шы жылдан бері қызмет етіп келеді.