Виктор Хасянов пен Мария Дмитриенко Әлем кубогында топ жарды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Отандастарымыз Виктор Хасянов пен Мария Дмитриенко стенд атудан Алматы қаласында өтіп жатқан Әлем Кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Олар трап бағдарламасында аралас жұптар арасында ешкімге дес берген жоқ.

Бұл - осы бəсекеде Ұлттық құрама қоржынына түскен 3-жүлде. Осыған дейін Əсем Орынбай скит жаттығуында топ жарған. Сосын Эдуард Ещенко екеуі жұптық сында күміс жүлдегер атанды.

Алматыдағы кезең ертең аяқталады.