Виктор Храпунов әйелімен ажырасты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматының экс-әкімінің әйелімен некесін бұзғанын кеше Цюрихте шығатын Neue Zürcher Zeitung газеті жариялады, деп хабарлайды КТК арнасы.

Естеріңізде болса, ерлі-зайыптылар Алматының жерін оңды-солды сатып, бала-шағасымен Швейцария асып кеткен еді. Швейцарияның федералдық прокуратурасы бұл екеуінің ел аумағындағы заңға қайшы әрекеттеріне байланысты қылмыстық іс қозғаған болатын. Ресми құжаттарда Швейцария мен ұлттық қорғанысқа қарсы бағытталған қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жайлы айтылған. Бұған тыңшылық жасау, әскери барлау және өзге мемлекеттің мүддесі үшін ақпарат жинау әрекеті жатады. Сөйтіп 2008 жылдан бері Женевада тұрып келе жатқан Виктор Храпуновтың жанұясы бақылауға алынған. Осының бәрін тізіп шыққан аталмыш газет оның қазір әйелімен ажырасып кеткенін жазған.