Виктор ХРАПУНОВ: Женевада вилланы қалай сатып алуға болады?

АСТАНА. 13 қыркүйек. ҚазАқпарат - Өткен жылдың қараша айында-ақ қазақстандық сот В.Храпуновты тұтқындауға санкция берген болатын.

Алматы қаласының экс-әкіміне қатысты 20 қылмыстық істің қозғалуының өзі-ақ осындай шешімнің шығарылуына негіз бола алады. Храпуновқа халықаралық іздеу жарияланбай тұрып-ақ, қазақстандық қоғамда «өзінің байлыққа малынған керемет өмірін мақтан тұтып, оңды-солды ақшаны шашып жүрген бұрынғы шенеунікте соншама миллиондар қайдан?» деген сұрақтар көп болатын. Аса ірі алаяқтыққа қатысы бар деген күдік тағылған «швейцариялық миллионерді» қолға түсіруге бүгінгі күні қазақстандық қоғамның мүдделілігі де арта түсуде.

Храпунов мекенжайын өзгерте ме?

Казнетте жиі кездесетін таны­мал блогерлік тезистердің бірі, біріншіден, мораль мен әділеттілік заңы бойынша Виктор Храпунов Женева көліне терезесі қарайтын вилласын бостандықтан айыру орнына айырбастауы тиіс, екін­шіден, оның отбасының заңсыз жинаған мүлкі Отанға қайта­ры­луы тиіс екендігін айтады.
Әйтсе де әзірше Храпуновтың өзі Швейцарияда тығылып жүрген кезде бұл солай болуы керектігіне қарамастан, жүзеге асырылуы қиын­дау сценарий болып көрін­еді. Миллиондаған долларды Қа­зақстаннан алып кете отырып, Ал­матының экс-әкімі өзінің ар­манын орындаған болып отыр. Ал енді қазақстандық салық төлеушілердің тілегін орындайтын кез келді. Барлық активтерді қай­таруы тиіс.
Міне, тура осы тұста проб­ле­малар туындайды - Храпунов ел­ге қайтуға ғана емес, теңге экви­ва­лентіндегі миллиардтарды қай­­таруға да асықпайды. Өйткені Храпуновта айналып келгенде айырылып қалмауға тырысарлық байлық баршылық. Танымал еу­ро­­палық басылымдардың болжа­мы бойынша, қазақстандық бұрынғы олигархқа, көз алдымызға елестету қанша жерден қиын бол­са да, 400 миллион швейцариялық франк немесе 300 миллион доллар тиесілі көрінеді.
Қайтып оралатыны жайында қанша жерден сендіргісі келгеніне қарамастан, ол Қазақстаннан бір­жола қашты және ешқашан қай­тып оралу ниеті болған жоқ. Әйт­песе ұшаққа 20 тоннадан асатын өзінің жеке заттарын тықпаламас еді.

                                                            Шалқып өмір сүруге тыйым сала алмайсың

«Адал экс-шенеунік» Храпу­нов­тың Швейцария секілді қым­бат елде қалай күн көріп жүргенін білу - Қазақстандағы көптеген адамдар үшін, әрине, қызық. Бі­реу­лер үшін бұл жаңалық болуы да мүмкін, бірақ ерлі-зайыпты Виктор мен Лейла Храпуновтар және олардың ұлы Ілияс пен қы­зы Эльвира өз өмірлерін байлыққа арнағаны шындық. Әңгіме бірін­ші кезекте, орасан қаражатқа «люкс» класындағы жылжымай­тын мүлік сатып алулары жөнінде болмақ. Бірде Храпунов отбасы­ның шетелдерден сатып алған бас айналарлық заттары жайындағы мақалаға байланысты «Несі бар, өте бай және ұзақ жылдар бойы супертұтыну режимінде өмір сүріп келе жатқан адамдар оның мәнін жақсы түсінеді» деп жазды белгілі бір қазақстандық блоггер өзінің пікір бөлісулерінде.
Храпуновтың өзінің сұхбат­та­рында байлығын әйелі және оның «VILED» атты фирмасының арқа­сында жинағаны жайында әңгіме­леп, «аңқау Батыс журналистерін» сендіргісі келеді. Аталған фактіні назарға алғанның өзінде, Виктор мен Лейла Храпуновтарға тиесілі фирманың толық мағынасында зергерлік бұйымдар сататын кә­сіп­орын емес болғандығы белгі­лі.
«VILED» жылжымайтын мү­лік­тің шұрайлы бөліктерінің иесі, сонымен бірге, сондай бизнес үшін ең арман болған жерлердегі жарнамалық билбордтардың қо­жайыны және коррупциялық схе­малар қатысушысы ретінде бас­пасөз беттерінде мезгіл-мезгіл өзі­нің айғай-шуымен көрініс тау­ып тұрды. Әкімнің өзінің көме­генсіз, мұндай табысты бөліктер­дің бәрін оның фирмасы өз уы­сына жинап ала алмайтынын түсіну қиын емес. Тіпті біреулер «VILED» арқылы Храпуновтың Алматы әкімі ретінде сыбайластық қызметі жүзеге асырылып тұрды деп те айтып қалып жүрді.
Өзінің қолы қойылған құжат­ты қажет ететін адамдарды ол өзі­нің дүкендеріндегі бриллиант­тарды сатып алуға мәжбүрлеп, кейіннен сол асыл тастарды дүкен сөрелеріне қайтып әкеп қойғы­за­тын деп те айтады. Осылай брил­лианттар тоқтаусыз айналып жү­ре­тін.

                                                                    7000 пайыз пайда

Алматының басты мемлекеттік қызметкері ретінде Виктор Хра­пунов баю үшін негізгі көз ретінде жер мен жылжымайтын нысан­дарды кеңінен пайдалана алды. Тексеріс барысы бойынша, Хра­пу­новтың жеке бақылауымен өт­кізілетін алып-сатарлық келісім­шарт­тар кей кездері 7000 пай­ыз­дық маржамен өткен. Бұл - әкімшілік ресурс көмегімен учаске ең төменгі құнмен саты­лып, кейіннен нарықтық бағамен қайта сатылатын жағдайлар да болып тұрған. Экономистер «500 пайыз және одан да жоғары пай­даны көріп тұрғанда, қылмысқа бармайтын капитал болмайды» деп бекер айтпайды.
Бұрынғы бағынышты болған адамдар мегаполис әкімі Хра­пунов­тың сатылатын нәрсенің бәрін сатқанын естеріне алады. Бірде-бір инфрақұрылым нысаны оның кезінде нөлден нәтижеге дейін жеткізілмеген.
Осындай айналымдары барда, Храпунов үшін Швейцарияда Ко­лоньиден, Женеваның фешене­бльдік ауданынан виллалар және құлшылық ету тауында «Хотель де Парк» сатып алуға ақша табу түк емес екендігі белгілі. Сонымен қатар көпшілікті бүгінгі күні Хра­пуновтың қандай ақшаға қы­зына Женевадан испандық әшекейлер сататын бутик алып бер­гендігі де қызықтырады.
Сарапшылар Храпунов өзінің табысын әртараптандыру үшін «қайтарылмайтын банктік несие­лер» деп аталатын несиелерді пай­даланған болуы мүмкін деген­ді айтады. Тура осы «қайта­рыл­майтын банктік несиелер» арқы­лы ол 1 миллион АҚШ долларын Швейцария экономикасына са­лып, соның негізінде Швейцария­ның азаматтығын «ірі инвестор» категориясы бойынша алуы да мүмкін.
В. Храпуновтың есепшотында бас айналдырар соманың пайда болуын басқаша түсіндіру мүмкін емес. Оның әлемдік олигархтар өл­шемі бойынша әкімдік еңбека­қысы 300 миллион доллар жинауға жетпейді.

(«Айқын» газетінің 13.09.2012 ж. шыққан №17 (2082) саны. Дайындаған - Алма Мұхамеджанова).