Виктор Корчагин Ақтөбе облысының прокуроры болып тағайындалды
12:36, 01 Шілде 2010
АҚТӨБЕ. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат /самал Ендібаева/ - Облыстық прокуратурада кадрлық өзгерістер болды. ҚР Бас прокурорының 2010 жылы маусымның 29-ындағы бұйрығымен Ақтөбе облысының прокуроры болып 60 жастағы Виктор Корчагин тағайындалды.
Бұрын осы қызметті атқарып келген Берік Асылов Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Бас прокурорының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Облыстық прокуратураның баспасөз орталығы хабарлағандай, В. Корчагин - Ресей Федерациясы Чита қаласының тумасы, Свердлов заң институтын тәмамдаған.