Виктор Малиновский Конституциялық Кеңеске мүше болды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет Басшысының Жарлығымен Виктор Александрович Малиновский Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы бүгін Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

1956 жылы 27 мамырда Алматы қаласында туған. С.М.Кироватындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.

Еңбек жолын С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттікуниверситеті заң факультетінің мемлекеттік құқық жəне совет құрылысыкафедрасының ассистенті, аға оқытушысы, деканның орынбасары, Алматы саясаттануинститутының мемлекеттік құрылыс жəне құқық кафедрасының доценті болып бастады.

Қазақстан Республикасы Президенті мен МинистрлерКабинеті Аппаратының Мемлекеттік-құқық бөлімінің референті, аға референті,Республика Конституциялық Сотының судьясы болып қызмет атқарды.

1995 жылдан 2007 жылға дейін Заңгерлік академиясы – «Əділет» Жоғары құқықмектебінің проректоры болып жұмыс істеді.

Соңғы уақытта «Интерньюс-Қазақстан» мекемесіндезаңгер, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университеті конституциялық құқықкафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеді.

Заң ғылымының докторы. 12.00-02 мамандығы бойыншакандидаттық (1985ж.) жəне докторлық (2004ж.) диссертациясын М.В.Ломоносоватындағы Мəскеу мемлекеттік университетінде қорғады.

2001 жылғы қаңтардан бастап 2011 жылғы сәуірге дейінҚазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары.

2011 жылғы сәуірден бастап 2016 жылғы сәуірге дейін –Қазақстан Республикасының Бас прокуроры.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 2016жылғы 27 сәуірдегі № 34-VI ПМС қаулысымен ҚРКонституциялық Кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.

Бірінші сыныпты мемлекеттiк заң кеңесшiсi.Прокуратураның құрметті қызметкері. PhD, құрметті профессоры ҚазГЗУ.

Соңғы жаңалықтар