Виктор Майко Украинаның Қазақстандағы Елшісі болып тағайындалды

Фото: Фото: sud.ua

АСТАНА. KAZINFORM – Украина президенті Владимир Зеленский Виктор Майконы Украинаның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.

Бұған дейін Виктор Майко Укранинаның Түрікменстандағы Елшісі қызметін атқарған.

Еске сала кетсек, 2022 жылдың қазан айында Украина Президенті Владимир Зеленский Украинаның Қазақстандағы Елшісін жұмыстан босатты.