Виктор Янукович мерзімінен бұрын президенттік сайлауға дайын

АСТАНА. ҚазАқпарат - Украина президенті Виктор Янукович елдегі саяси дағдарысты жою үшін мерзімінен бұрын парламенттік және президенттік сайлау өткізу қажет болса, оған дайын.

Бұл туралы Жоғары рададағы президент өкілі Юрий Мирошниченко мәлімдеді, деп хабарлады РИА "Новости".

- Президент, "егер біз, саясаткерлер бір келісімге келмесек, бұл мәселені шешудің жалғыз жолы - мерзімінен бұрын өтетін сайлау" деді,- деп мәлім етті Мирошниченко бұл арада әңгіме конституцияның, парламент және президент сайлауының өзгеруі жайында екендігін айтып.