Виктор Ющенко Юлия Тимошенконы Украина премьер-министрлігінен босату туралы мәлімдеме жасады

АСТАНА. Желтоқсанның 14-і. ҚазАқпарат - Украина Президенті Виктор Ющенко премьер-министр Юлия Тимошенконы және үкіметтің экономикалық бағытын ауыстыру қажеттілігін айтып отыр.

Бұл туралы     В.Ющенко   Львов облыстық    телекомпаниясының тікелей  эфирінде  мәлім етті,   деп    хабарлайды  ИТАР-ТАСС агенттігі.

 «Бізге    премьермен  және    ол ұстанған  бағытпен   тезірек  қоштасу керек», -  деп мәлім етті Ющенко  өз сөзінде.  Оның айтуынша,  «ағымдағы   бюджет    30 пайызға    да  орындалмаған».  «Оған қоса,  бюджеттік  тапсырмалардың 50 пайызының  қаржыландыру көзі жоқ», - деп  мәлім етті Ющенко өз сөзінде.