Викторина жеңімпаздары Литваға баратын болады

None
АЛМАТЫ. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Серік Қойбағаров/ – Осы жазда Литваның 1000 жылдығына байланысты атап өтілетін іс-шараға осы елдің сыртқы істер министрлігі «Литваның мыңжылдығы: мәдениеті мен тарихы» деп аталатын викторинаға қатысуға барлық ниет білдірушілерді шақырады.
Бұл жөнінде ҚазАқпарат тілшісіне еліміздегі Литва Елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.Қатысу үшін Литваның тарихына, оның мәдениеті мен қазіргі саясатына қызығушылық танытқан шет мемлекеттердің азаматтары шақырылады. Барлық сұрақтарға дұрыс жауап қайтарған викторина қатысушыларының ішінен жеребе тастау арқылы біреуі таңдап алынады: оған екі адамға арналған Литваға төрт күндік жолдама беріледі.Викторина http://quiz.mfa.lt сайтында ағымдағы жылғы маусымның 15-іне дейін жүргізіледі.