Айыпталушы - 31 жастағы Қостанай тұрғыны Денис Лесников. Сонымен қатар ол тағы төрт адамды өлтіру, екі зорлау және ұрлық фактілері бойынша айыпталуда.
Соның ішінде - баланы өлтіргені үшін Лесниковқа ҚР ҚК мына баптары бойынша айып тағылды: 125 бап 2 бөлім (адам ұрлығы), 121 бап 4 бөлім (зорлық-зомбылық әрекет), 120 бабы 4 бөлімі (зорлау), 96 бап 2 бөлім (адам өлтіру).
Өзге қылмыстарды есепке алғанда Лесниковқа ҚР ҚК-нің 17 бабы бойынша айып тағылды. Олардың кейбіреулері аса қатыгездікпен жасалды деп саналады.
Қостанай облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған сотында істің алдын ала тыңдалымының қорытындысы бойынша соттың істі қарауын 26 қаңтарға тағайындау шешімі қабылданды, деп хабарлады соттың баспасөз хатшысы Шолпан Қасымова.
Ол соттың заңнамаға сәйкес жабық режімде өтетінін хабарлады. Бұл жапа шеккендердің жеке өмірлерінің құпиясын сақтау мен қылмыс кәмелеттік жасқа толмаған қызға жасалғанына байланысты.