Виктория Графеева Бразилиядағы әлем кубогында топ жарды

АСТАНА. KAZINFORM – 60 келі салмақта Бразилиядағы әлем кубогының финалында бақ сынаған Виктория Графеева жарыс жеңімпазы атанып, алтын жүлдені ел қоржынына салды. 

Фото: ҰОК

Шешуші айқаста қазақстандық боксшы бразилиялық Ребекка Сантоспен кездесіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, байрақты бәсекеге 50 елден келген 400-ден астам боксшы қатысып жатыр. Бұл жарыстың ақтық сынына 19 елдің өкілі жолдама алды. Сондай-ақ бұған дейін Бразилиядағы әлем кубогының финалына қай елден қанша боксшы шыққанын жазғанбыз. 

Енді кешкі сессияда Аида Әбікеева (65 келі) өзбекстандық Навбахор Хамидова, Сұлтанбек Айбарұлы (85 келі) бразилиялық Кауе Белини,Валерия Аксенова (81 келіден жоғары) мажарстандық София Зирамен шаршы алаңға шығады.