Вильнюстегі ЕҚЫҰ-ның энергетикалық қауіпсіздікті бағалау жөнінде өткен кеңесінде энергияның баламалы көздерін қолдануды кеңейту мәселесі талқыланды
Үстіміздегі жылғы қыркүйектің 13-14-і күндері болып өткен іс-шараны ЕҚЫҰ Іс басындағы төрағасы Қазақстан тарапы, 2011 жылы Ұйымға төрағалық ететін Литва тарапы, сонымен қатар, ЕҚЫҰ экономикалық және экологиялық қызметін үйлестірушісі бюросы ұйымдастырып отыр.
ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың, іскерлік және ғылыми орталардың 200-ге тарта өкілінің басын қосқан іс-шараға Литваның сыртқы істер министрі Аудронюс Ажубалис пен ЕҚЫҰ бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбо қатысты.
Мүдделі министрліктердің өіклдері кіретін Қазақстан делегациясын ерекше тапсырмалар жөніндегі СІМ елшісі Сержан Әбдікәрімов бастап барды.
Кеңес барысында сарапшылар энергетикалық қауіпсіздік саласындағы аймақтық ынтымақтастық мәселелерін, ЕҚЫҰ-ның аталмыш салада өзара іс-қимыл жасаудағы рөлін, энергетикалық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету саласындағы халықаралық қызметтің перспективалары мен оның нәтижелілігін арттыру жолдары талқыланды. Сонымен қатар, кеңесте энергияның баламалы көздерін қолдануды кеңейту мәселесі талқыланды.
Іс-шара қорытындысы бойынша ЕҚЫҰ Бас хатшысы Марк Перрен де Бришанбо ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдеріне кездесу қорытындылары мен ұсыныстарына негізделген баяндамасын ұсынды.