Винченцо Нибали «Критериум дю Дофине» жарысының жалпы есебінде алты кезеңнен кейін көш бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Критериум де Дофине» жарысы алтыншы кезеңнің жеңімпазы «Lampre» командасынан португалдық Руй Кошта болды. Екінші болып мәреге қазақстандық «Астанадан» итальяндық Винченцо Нибали келді. Үшінші нәтиже - «Movistar» командасынан испандық Алехандро Вальвердеде, деп хабарлады Sports.kz.

«Astana Pro Team» басқа шабандоздары мына тәртіппен келді: Льюв Вестра - 28-ші, Рейн Таарамяэ - 38-ші, Андрей Гривко - 39-шы, Ларс Боом - 72-ші, Микеле Скарпони - 88-ші, Дмитрий Груздев - 97-ші.

Жалпы есеп:

1. Винченцо Нибали (Италия, «Астана») - 22:34:17 2. Руй Кошта (Португалия, «Lampre») - 0:29 3. Алехандро Вальверде (Испания, «Movistar») - 00:30