Винченцо Нибали - «Тур де Франс» 19-кезеңінің жеңімпазы
00:09, 25 Шілде 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Тур де Франс» көпкүндігінің 19-кезеңі 138 шақырымдық төрт күрделі өрі бар таулы бағдарда өтті, деп жазады Sports.kz..
«Астана» велошабандозы Винченцо Нибали суырылып алға шығып, топтан екі минут бұрын келді. Бұл оның кезеңнің жеңімпазы болуына жол ашты.
Колумбиялық Наиро Кинтана («Movistar») екінші көрсеткішке қол жеткізсе, кезеңнің көшбасшысы болып келе жатқан британдық Крис Фрум («Sky») мәре сызығын үшінші болып қиды.
19 кезе ңнен кейінгі жалпы есеп
1
Кристофер Фрум
Ұлыбритания78:37:34.000
2
Найро Кинтано
Колумбия78:40:12.000
3
Алехандро Валверде
Испания78:42:59.000
4
Виченцо Нибали
Италия
78:44:18.000
5
Альберто Контадор
Испания78:45:30.000