Екінші орынды «Астана» капитаны Винченцо Нибали иеленді. «RadioShack» командасының басты үміті Кристофер Хорнер мәре сызығын үшінші болып қиды.
Кезең қорытындысында Нибали жалпы есепте көш басында қалып отыр. Екінші орында - «RadioShack» өкілі америкалық Кристофер Хорнер, испандық Алехандро Вальверде («Movistar») - үшінші.
«Вуэльта», 14-кезең
Бага - Андорра, 155,7 км
1. Даниэле Ратто (Италия, «Cannondale») - 4:24:00
2. Винченцо Нибали (Италия, «Астана») - 3:53
3. Кристофер Хорнер (АҚШ, «RadioShack») - 3:55
Жалпы есеп
1. Винченцо Нибали (Италия, «Астана») - 53:56:49
2. Кристофер Хорнер (АҚШ, «RadioShack») - 0:50
3. Алехандро Вальверде (Испания, «Movistar») 1:42.
11:23, 08 Қыркүйек 2013
Винченцо Нибали «Вуэльтаның» 14-кезеңінде мәреге екінші келді. ВИДЕО
АСТАНА. 8 қыркүйек. ҚазАқпарат - «Вуэльта» көпкүндігінің 14-кезеңінде «Cannondale» командасының итальяндық велошабандозы Даниэле Ратто жеңіске жетті, деп хабарлайды Sports.kz.