Велошеру 30 сәуірде болады. Оны Атырау облысы спортты дамыту және қолдау қоғамдық қоры, олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың қоғамдық қоры, Атырау облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы, сондай-ақ қалалық спорт бөлімі бірлесе ұйымдастырып жатыр.
Шара аясында қайырымдылық жәрмеңкесі және «Астана» велокомандасы лоттарының аукционы болады. Одан түскен қаражаттар Атырау облысындағы велоспорт мектебіне инвентарьлар алуға жұмсалады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, велошеруді жыл сайынғы дәстүрге айналдыру жоспарланып отыр.
Велошеруге қатысуға ниеттілер Whatsapp мессенджерінде 87083416232 нөмірі арқылы тіркелуіне болады.