Бұл полотно 1965 жылдан бері көпшілік назарына ұсынылмаған болатын, енді ол Маастрихте 14-23 наурыз күндері өтетін Еуропалық бейнелеу өнері көрмесі барысында сатуға қойылмақ.
Картинада Париждегі «Мулен де ла Галетт» жел диірмені бейнеленген. Ван Гог оны 1886 жылы француз астанасында тұрған кезінде салған. Соңғы елу жылда өнер туындысы жеке коллекционерлерде қолдан қолға өткен.
«Сатылымға атақты шебердің осындай танымал картинасының шығарылуы сирек құбылыс», - деп атап өтті аты-жөні айтылмаған коллекционердің атынан сауда-саттықты ұйымдастырушы дилер Джеймс Дикинсон. Оның айтуынша, Парижде тұрған кезінде Винсент ван Гог «Мулен де ла Галетт» жел диірмені бейнеленген картиналар сериясын салған, ал бұл полотно бүгінде жеке қорда сақталып келген екі шығарманың бірі.