Америкалық БАҚ-тың дерегі бойынша, Уильямс жүргізіп келе жатқан автомобиль көше қиылысында ішінде 78 жастағы Джер Барсон отырған басқа көлікпен соқтығысқан, машинаның рулінде оның жұбайы болған.
Зардап шегуші ауруханаға жеткізілді, ол көп ұзамай көз жұмды. Оның жұбайы да көптеген дене жарақаттарын алған, алайда оның өміріне еш қауіп жоқ.
Полицияның пікірінше, апат 37 жастағы спортшының кінәсінен болған, ол басқа автомобильге жол бермеген.
Уильямстың адвокаттары бұның жазатайым оқиға болғанына сендіруде.